13:52, 13 Ақпан 2013 | GMT +5
Елбасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры А. Жанқұлиевке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді
АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Аманжол Жанқұлиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.

А.Жанқұлиев Қазақстан Президентіне ведомствоның ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.