Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге біз де үлесімізді қосамыз ? оралман пікірі

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы тапсырмасына сәйкес елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге біз де үлесімізді қосамыз.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орал қаласында тұратын оралман Айдар Әбдіраманов мәлім етті. Біз Президентіміздің оралмандарға берген квотасын пайдаланып, 2004 жылы Ташкент облысы Ангрен қаласынан көшіп келдік, дейді ол. Батыс Қазақстан облыстық көші-қон департаменті барлық жағдайымызды жасап, жер телімі берілгеннен кейін Үкіметтің осы мақсатқа бөлген қаражатына үй-жайымызды сайлап алдық. Қазіргі кезде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық облыстар қам жасап жатыр. Өзбекстанда көкөніс егумен көп айналысқанбыз, жерге бір табан жақынбыз. Өткен жылы қала әкімдігінің көмегімен Зашаған кенті балық цехы аумағынан жер алып, 6 мың тонна сыятын көкөніс қоймасын салуға бекіндік. Қазір жобалау-сметалық құжаттамасы әзір. Бұл жоба төрт кезеңмен жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар Зеленов ауданы Белес ауылынан көкөніс, бау-бақша дақылдарын өсіру үшін 40 гектар жер алғанбыз. Аудан әкімі Ғайса Қапақов бұған қоса алма бағы үшін 100 гектар жер беруге де оң қабақ танытып отыр. Әрине, мұның бәрі ? базардағы бағаның шарықтап кетпеуі үшін жасалып жатқан тірлік. Ойлағанымыз жүзеге асса, 15-20 адам жұмыспен қамтылады. Тағы бір ескеретін жайт, біз қайта өңдеуді жолға қоймайынша, экономикамыз дамып кете алады деп айта алмаймыз. Көкөністің сол бойда арзанға сатылып кетпей, шағын қалбыр зауыттары арқылы қайта өңделіп, экспортқа да шығып жатса, бұл аса игілікті іс болар еді.
Соңғы жаңалықтар