Елбасы Тәуелсіздік философиясының іргелі негіздерін ауқымды етіп белгілеп берді - Қазақстан тарихшылары ұлттық конгресінің үндеуі
«Біз, Қазақстан тарихшылары конгресінің өкілдері, Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде айтқан идеяларын толық қолдаймыз.
Тәуелсіздік күні - Қазақстан халқы тарихындағы ең маңызды мереке. Бұл оқиғаның ел, қоғам және әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын айтып жеткізу қиын. Бұл күн Қазақстанның тарихи таңдауын - бабаларымыздың тәуелсіз, еркін және күшті мемлекет туралы асыл армандарының жүзеге асқан күнін паш етеді.
Нақ сондықтан да бұл күн әр адамның есінде қалуға тиіс. Бұл оқиғаның маңыздылығын қазақстандықтардың әрбір жаңа буынына жеткізіп отыру маңызды.
Елбасы Тәуелсіздік философиясының іргелі негіздерін ауқымды етіп белгілеп берді - Жалпыға Ортақ Еңбек, даналық, толеранттылық және халықтың бірлігі, тарихының, мәдениетінің және Қазақстанның барлық этностарын толық құрметтей отырып мемлекеттік тілінің бірегейлігі. Бұл негіздерді мектеп жасынан бастап Қазақстан Республикасының әрбір азаматының білуі маңызды.
Осыған байланысты мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына Елбасының ұлтқа үндеу тастаған Тәуелсіздік туралы толғауларын міндетті оқытуды енгізуді ұсынамызә,делінген үндеуде.