Елбасы «Тәуелсіздік толғауында» көршілерімізбен тату-тәтті өмір сүрудің жолын көрсетті - С. Нұрғисаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жария еткен «Тәуелсіздік толғауында» көршілеріміз туралы баға беріп, олармен тату-тәтті өмір сүрудің жолын көрсетті. Бұл пікірді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев айтты.
None
None

«Тәуелсіздік - көзіміздің қарашығындай қорғайтын қастерлі ұғым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың алға қойған бірден бір мақсаты ол - қазақ елінің тәуелсіздігін нығайту. Еліміз тәуелсіздігіне міне 23 жыл болды. Осы жылдарда Қазақстан төрткүл дүниеге танымал болып, ғасырларға тең жолдан өтті. Елбасының жылдағы жолдауы Тәуелсіздікті нығайту жолдарына арналады. Тәуелсіздікті халық қалай түсінеді, қалай қорғайды, қалай тәуелсіздікті әрі қарай нығайтады. Осының жолдарын нұсқап отыр. Кеше Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай салтанатты жиында жария еткен «Тәуелсіздік толғауында» көршілеріміз туралы баға беріп, көршілермен тату тәтті өмір сүрудің жолын көрсетті. Бұл үлкен жетістік. Бұл жолдаудағы ерекше аталып өтілген ұғым деп білемін. Өйткені көршімізде бүгін қиыншылықтар болып жатыр, басына күн туған ер азамат болсын, мемлекет болсын, басқаларға қарайлап «кім менің жанымнан табылады», «кім менің нағыз досым», «кіммен мен мәңгілік дос боламын» деген сұрақтар туындайды. Осы жолы жаһандық дағдарыс тұсында әлемдік санкциялардың көршіміз Ресейге бағытталған кезінде, Елбасымыз өз позициясын ашық көрсетті. Тәуелсіз мемлекет ретінде өзіміздің көршілерімізбен ынтымақтастық, достық қарым қатынаста болып, барлық қиындықтарда көмектесіп бірге боламыз деген ұғымды білдіріп отыр», - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен бірге С. Нұрғисаев Елбасы айтқан Тәуелсіздікті түсінудегі үш бағытқа тоқталып өтті.

«Біріншіден, Тәуелсіздікті толық түсіну керек, тәуелсіз мемлекеттің азаматы ретінде мемілекеттік тіліміз бар, шекарамыз бар, Әнұранымыз бар, Елтаңбамыз бар осы ұғымдарды жете түсіну. Екіншіден, Тәуелсіздіктің мүмкіндігін пайдаланып, білім алу, «Болашақпен» шетелге шығу, бизінес жасау, тұрмысын жақсарту. Үшіншіден, әр адам Тәуелсіздікке жауапкершілікті сезініп, алған білімін, жеткен жетістіктерін, Тәуелсіздік ұғымына топтастырып, тәуелсіздікті нығайтуға күш салуымыз керек»,-деді С. Нұрғисаев.

Соңғы жаңалықтар