Елбасы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы аясындағы Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматының жетістіктеріне арналған көрмеде болды

ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жетістіктеріне арналған көрмені аралап көрді.
None
None

Атап айтқанда, бұл шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өңірлердің Астанадағы күндері аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл көрмеде аталған аймақтардың әр саладағы жетістіктері көпшілік назарына ұсынылды.

Көрмені аралағаннан кейін Мемлекет басшысы Ақмола, Ақтөбе облыстары мен Алматы қаласының бірлесіп қойған концертіне қатысты. Онда Ақмола облысының К.Күмісбеков атындағы, Ақтөбе облысының А.Жұбанов атындағы және Алматы қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық бірлескен қазақ ұлт аспаптары оркестрі өнер көрсетті.

Сонымен қатар, онда «Біржан-Сара» операсынан айтыс, күй тартыс, Елбасына арнау, Алматы туралы әндерден попурий, сондай-ақ А.Жұбановтың «Би күйі», «Қарлығаш» шығармалары орындалды.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2010 жылы Ақмола облысының ІЖӨ-і 586 миллиард теңгені құраған. Ал биылғы жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 622,5 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Атап айтқанда, Ақмола облысының өнеркәсіптік өнім көлемі 2011 жылы 230 миллиард теңгеге дейін жеткізілмек.

Ал Ақтөбе облысының ішкі жалпы өнімін биылғы жылы 1 триллион 300 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінде еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 8 пайызы осы өңірдің еншісінде.

Мұнымен қоса, 8 айдың қорытындысы бойынша Алматыда қала бюджетіне 599 миллиард теңге түскен. 2011 жылдың 8 айында өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға артты. Атап айтқанда, экономиканы несиелендіру 33,5 пайызға, ал халықтың банкттерге салымдары 18 пайызға жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар