21:46, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Елбасы Того Республикасының Президентімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Того Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ қазіргі әлеуетті ескере отырып, бірқатар сала бойынша өзара ықпалдастықты да жандандыру қажеттігін атап өтті.