Елбасы толғауы: Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік толғауында» осылай мәлімдеді.
None
None

«Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат - халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы», - деп толғанады Елбасы.

Бұдан соң, Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздік дегеніміз - Жалпыға Ортақ еңбек екенін, ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттер еңбегі, еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі екенін еске салады. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі екенін де алға тартады, Елбасы.

«Оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогреске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар. Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз, оны Қазақстан дамуының жаңа биіктеріне де асқақтата желбіретеміз. Бұл біздің мәңгілік ұстанымымыз», - деп толғайды Елбасы.

Соңғы жаңалықтар