14:06, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Елбасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы қатынастарды реттеуге арналған және құрылыс салушылардың қаржылық тұрақтылығына талапты арттыруды қарастыратын және үлескерлердің құқығына кепілдікті күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.