Елбасы түркітілдес мемлекеттерге бірлескен телеарна құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті түркітілдес мемлекеттерге бірлескен телеарна құруды ұсынды. Бұндай ұсынысты
None
None

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түркиялық Бодрум қаласында Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің төртінші саммитінде айтты. «Түркі кеңесінің келесі басқосуына дейінгі тақырыпқа байланысты ұсыныс айтқым келеді. Келесі жылғы отырыстың тақырыбын Түркітілдес мемлекеттердің ақпараттық кеңістігін дамыту, біріккен, бәсекеге сай бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту дұрыс болар деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының пайымынша, сонымен қатар бізге халықаралық жер серігі арқылы түрік, ағылшын және орыс тілдерінде хабар таратуды дамыту қажет.

«Бәсекеге сай Әл-Жазира, ВВС сияқты телевизиялық арна ашсақ, түрік дүниесін әлемге паш етіп, пайдасы зор болады», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар