Елбасы: Үкімет мемлекеттік бюджеттің жоспарлану, орындалу сапасын арттыруы қажет

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Үкімет мемлекеттік бюджеттің жоспарлану, орындалу сапасын арттыруы қажет.
None
None

Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бюджет саясатын оңтайландыру қажеттігіне баса тоқталған Президент: Ең алдымен Үкіметке мемлекеттік бюджеттің жоспарлану, орындалу сапасын арттыру қажет»,- деді.

ҚР Президентінің атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің 3 жылдық бюджет жобасы лайықты деңгейде облыс әкімдерімен келісілмеген. Бұл жайында бірқатар өңірдің басшылары Елбасына шағым түсірген.

«Менің тапсырмамнан кейін Үкімет олармен жұмыс істей бастады. Дегенмен, бұлай жұмыс істеуге болмайды. Бюджет сәйкесінше өңірмен келісілуі керек. Әрине, әрбір өңір көрпені өзіне қарай тартып, көп алып, аз бергісі келеді. Бұл үшін мұның барлығын қарап отыратын Үкімет бар»,-деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар