Елбасы Үкіметке әкімдермен бірлесіп 2020 жылға дейінгі Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі картаны әзірлеуді тапсырды

None
None
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Мемлекет басшысы Үкіметке әкімдермен бірлесіп 2020 жылға дейінгі Қазақстанды индустрияландыру жөніндегі картаны әзірлеуді тапсырды. Президент бұл тапсырманы бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде берді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елбасының айтуынша, ол картаға еліміздегі өндірістік қуаттарды тиімді орналастырудың тетігін, өңірлердің ресурстық базаларының түйінін қосу қажеттігін айтты. «Индустрия және сауда министрлігін әртараптандыру үдерістерін негізгі үйлестіруші ретінде күшейту қажет. Оның құзырындағы кедергі келтіретін нәрселерді алып, оған қажеттілерін беру керек», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент бұл жоспардың орындалу жауапкершілігін және әртараптандырудың тиімділігін Үкіметке, Премьер-Министрдің жеке өзіне тапсырды. Президент Әкімшілігі «Нұр Отан» партиясы, министрліктер тек ғана түсіндіру жұмыстарымен айналыспай, осы міндеттердің орындалуына үлес қосулары тиіс. Барлық жұмысты индустрияландырудың мақсатын қазақстандықтарға түсінікті болуға бағыттау керек. Бұл қазіргі кезеңдегі дамуымыздың жалпы ұлттық идеясы болуы тиіс. Біз дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті бола аламыз ба, өзіміздің экономикалық және саяси тәуелсіздігімізді сақтай аламыз ба? Міне осы мәселелер жоғарыдағы жұмыстарға байланысты», - деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар
telegram