Елбасы Үкіметке ақылы негізде оқитын үлгерімі жақсы студенттер үшін қосымша мемлекеттік білім беру гранттарын бөлуді тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Қазақстанның жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттерді қолдау үшін үшінші курстан бастап оқу озаттарына қосымша мемлекеттік білім беру гранттарын бөлуді тапсырды.
None
None
Президент бұл тапсырманы бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Қазір біздің студенттер күрделі жағдайға тап болып отыр. Мемлекет мұндайда жастарға қолдау көрсетуі тиіс. Сондықтан мен Үкіметке еліміздің жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын студенттерді қолдау үшін үшінші курстан бастап оқу озаттарына арналған қосымша мемлекеттік білім беру гранттарын бөлуді тапсырамын», деді өз сөзінде Мемлекет басшысы. Елбасының айтуынша, сонда 10 мыңнан астам студент мемлекеттің осы қолдауын пайдаланып, өз оқуларын жалғастыра алады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметке жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан ақылы негізде оқитын үлгерімі жақсы және өте жақсы студенттер үшін техникалық және медициналық мамандықтар бойынша бірінші курстан бастап ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие бөлу мәселесін пысықтауды тапсырды. Елімізде мұндай 40 мыңға жуық студент бар. «Менің ойымша, бұл біздің жастар мен олардың ата-аналарына көрсететін нақты көмек болады. Бұл жұмысты «Нұр Отан» партиясы мен партияның Жастар қанаты арқылы жүргізу қажет», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар