Елбасы украиналық студенттерді Қазақстанда білім алуға шақырды

None
None
None

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев украиналық студенттерді Қазақстаннның жоғарғы оқу орындарында білім алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздерге мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты ұмытуға болмайды. Бүгінде Украиананың жоғары оқу орындарында 100-ден астам қазақстандық студенттер білім алып жатыр. Алайда бұл шек емес. Біз өз тарапымыздан украиналық студенттерді біздің елде білім алуға шақырамыз», деді Н. Назарбаев бүгін Ақордада Украина басшысы В. Януковичпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар