Елбасы: Ұлттық көліктік-логистикалық компанияның құрылуы Қазақстанның іскерлік-транзиттік әлеуетін күшейтеді

АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада ашылған «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» атты II халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумына қатысушыларға құттықтау жолдады.
None
None

Елбасы құттықтауын ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов оқып берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстанда жоғары деңгейлі көліктік-логистикалық форумының өткізілуі Шығыс пен Батыстың өркениетті байланыстарының үлгісі болып табылатын «Ұлы Жібек Жолының» қайта жандандырылуы үдерісіндегі атаулы оқиғасы болып табылатындығын» атап өтті.

«Біздің мемлекеттің бірегей географиялық орналасуы мен Еуразия кеңістігіндегі негізгі көліктік бағыттардың әлеуетін ескере отырып, Қазақстан үлкен іскерлік-транзиттік хаб құру туралы бастама көтерді. Алға қойылған мақсаттардың жемісті орындалуы Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттердің қатарына енуі үшін қажетті инфрақұрылымның қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы, өндірістің ауқымды индустриялануы мен жаңғыртылуы сыртқы экономикалық байланыстарды ынталандырып, мемлекеттік көліктік-логистикалық әлеуетті күшейтеді. Осы бағыттағы ең елеулі қадамдардың бірі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы аясында халықаралық деңгейдегі «Қазақстан - Жаңа Жібек Жолы» бағдарламасының базалық операторы болып табылатын ұлттық көліктік-логистикалық компанияның құрылуы болып табылады. Белсенді жаһандану заманында көліктік сала біздің мемлекеттің және Еуразиялық аймақтың экономикалық дамуының негізгі драйверіне айналып отыр. Аталмыш форум аясында талқыланатын идеялар мен жобалар халықаралық көліктік-логистикалық жүйенің дамуына жаңа серпін береді деп сенемін», - делінген ҚР Президентінің құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін 7 қараша күні Астанада «Қазақстан - Жаңа Жібек жолы» атты II халықаралық көліктік-логистикалық бизнес форумы өз жұмысын бастаған болатын. Алқалы жиынға Қазақстан, Белоруссия, Әзірбайжан, Ресей және Грузия ұлттық темір жол компаниялары, Еуропалық одақ және ТМД жетекші көліктік және логистикалық кәсіпорындар басшыларынан тұратын 300-ден астам делегат қатысуда.

Соңғы жаңалықтар