Елбасы Ұлттық қордың қаражаттарын пайдалануға бақылау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қабылдады

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама ауқымында бөлінген Ұлттық қордың қаражаттарын пайдалануға бақылау жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Президент Ұлттық қордан бөлінген қаражаттарды пайдалану туралы алдын ала ақпаратты тыңдады.- Қаржы секторын тұрақтандыру бағдарламасы бойынша бөлінген ақшалар екінші деңгейлі банктерге түсті. Олардың пайдаланылуы ағымдағы режімде қадағаланатын болады. Егер бұл қаржыларды банктер, сондай-ақ заемшылар мақсатсыз пайдаланатын болса, тексеру шаралары жүргізіледі. Мемлекет басшысына жұмыс нәтижелері туралы ақпарат жүйелі баяндалып отырылады, - деді журналистерге арналған брифингіде жұмыс тобының жетекшісі, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова.
Соңғы жаңалықтар