Елбасы ұлттық валютаны қолдану туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
***
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., №6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат; 2011 ж., № 60, 850-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақ алып тасталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2017 жылғы 1 сәуір
№ 452