11:31, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Елбасы Васильков кен байыту комбинатының бүгін ашылған алтын өндіру фабрикасындағы өндірістік үдеріспен танысты
ҚМОЛА ОБЛЫСЫ. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Бүгін бұдан бұрын хабарлағандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысындағы Васильков кен байыту комбинатына келгеннен кейін карьерде болды, одан соң фабриканың бас корпусында кен өңдеу және алтын алу технологиясымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ фабрикадағы өндірістік желіні іске қосты және аталмыш кәсіпорын шығаратын өнімнің үлгілерін көрді.
Бұдан бұрын айтып өткендей, 2010 жылы фабрикада жылына 8 миллион тонна кен өңдеу және ең аз дегенде 13 тонна алтын өндіру жоспарланып отыр.