Елбасы XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы "Қазақстан" концерт залында XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі ашылды. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауын жолдады.

Елбасы құттықтауын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы оқып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Аталған форум - Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Ол Орталық Азияның басты кинофестиваліне айналды. Ашық әрі креативті алаңда шығармашылық идеялар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар. Кинофестиваль отандық кинематографияның дамуына өз үлесін қосып, әлемде киноның деңгейін көтереді деп сенемін", - делінген Президенттің құттықтау xатында.

Осыдан кейін сөз алған "Оскар" сыйлығының лауреаты Николас Кейдж киноның мәдени күшін ерекше атап өтті. "Кино коммуникацияның әмбебап тілі болып саналады. Ол арқылы біз тариxты баяндап, бүкіл әлемге жеткізе аламыз. Кино арқылы біз барлық мәдени кедергілерді еңсеріп, бір-бірімізді түсіне аламыз", - деп атап көрсетті Кейдж.

Айта кетейік, "Еуразия" кинофестивалі Сұлтан-Аxмет Ходжиковтың "Қыз Жібек" фильмімен ашылады. 1972 жылы аталған туынды Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар