Елбасы: Ядролық бестік пен басқа әлем елдері арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту қажет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ядролық бестік пен басқа әлем елдері арасындағы теңгерімсіздікті қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкінің ресми ашу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

«Біздің барлығымызды да ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық ахуал алаңдатады. Бұл тұрғыда қазақстандық келесі идеяларды ұсынғым келеді. Біріншіден, біз ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзіне артылған сенімді ақтамайтындығын бірнеше мәрте көрсеттік. Оны бұзушыларға қарсы нақты қадамдар жоқ. Атап айтқанда, ядролық клуб елдері ерікті түрде ядролық бағдарламалар туралы өздерінің мәліметтерін ашпайды. Ал қалғандарына ядролық қаруға ие болу, сынау және таратуға тыйым салады. Басқа елдерден түпкілікті ақпараттар талап етіледі», деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті ядролық бестік пен қалған әлем арасындағы мұндай теңгерімсіздікті қысқарту қажеттігін баса айтты.

«2020 жылы әлемдік қоғамдастық Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың күшіне енгенінің елу жылдығын атап өтетін болады. Дәл осы уақытта қаруға толық тыйым салу шартының күшіне енуіне барлық күш-жігерімізді жұмсайық»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар