Елбасы Жаңаөзенге қатысты пікірін білдірді

АСТАНА.  7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің «Бірінші арна» телеарнасының «Воскресное время» бағдарламасына берген сұхбатында Жаңаөзен мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.
None
None

«Жаңаөзен мәселесі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарапайым даудан туындады. Бірақ, бұны теріс пиғылды адамдар пайдаланып әкетті. Олардың өзіндік қылмыстық мақсаттары бар болатын. Мәселен, қараңыз бұл оқиғалар неге бірден дүкендерді, банктерді тонаудан басталды», деді Нұрсұлтан Әбішұлы.  

Осы ретте тележурналист : «Бұл қылмыскерлер сонда кімдер, шетелдіктер ме, басқа техноллогия бар ма?» деп сұрады. 

«Бұл  - криминал, тіпті олардың кейбірі сыртта отырып, осы мәселелерге дем беріп келген. Дегенмен, олардың бәрі ұсталды, сот жүріп жатыр. Сот процесі аяқталып келеді. Соған орай, біз алдағы уақытта бәрін жариялайтын боламыз. Қазір Жаңаөзен тұрақты. Азаматтар жұмыстарын істеп жатыр. Сот аяқталмай тұрып ештеңе айта алмаймын», - деді Н. Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар