Елбасы Жарлығымен Ж. Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды

Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Ж.М.Қасымбекті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 маусым № 289
***
Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы 1975 жылғы дүниеге келген. Экономикалық және сәулетші мамандықтары бойынша жоғары білімі бар. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын (Алматы қ.) Сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (Астана қ.) экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы «Темірбанк» ААҚ маман ретінде бастаған. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің темір жол көлігі мен порттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру және тарифтік саясат департаментінің тарифтік саясат бөлімінің бастығы, Су көлігі департаментінің директоры, «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры қызметтерін атқарды.
2005 жылдың қарашасынан 2009 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі қызметін атқарған. 2009- 2014 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы болды.
2014 жылғы 7 наурыздан бастап Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.
2014 жылғы 6 тамыздан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
ҚР «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальдерімен наградталған.