Елбасы: Жастар саясаты бойынша жүктелген тапсырма толық орындалмай отыр

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Жастар саясаты бойынша жүктелген тапсырма толық орындалмай отыр. Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі барысында партия Төрағасы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

Президенттің айтуынша, ХХІ ғасырда жастарды қолдаушы партия ғана көшбасшылықты ұстап тұра алады. Сондықтан да, әлеуметтік жаңғырудың маңызды бағыты ретінде жастар саясаты айқындалып отыр. Бұл ретте Елбасы «Жас Отан» 200 мыңнан астам адамның басын біріктіріп отырғанын, бір жыл бұрынғы басқосуда жастармен жұмыс бойынша кешенді жоспарын ұсынғанын жеткізді. «Ашығын айтайын, менің тапсырмаларым жартылай ғана орындалып отыр. Мәселен, Үкімет 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасын бекітті. Алайда, оны жүзеге асыру іс-шаралары бойынша қаржыландырудың көлемі анықталмаған. Барлығы бағдарламалардың әкімшіліктеріне келісілген шек бойынша берілген. Ал бұл шекті қаражат тұтынушыға жете ме, жоқ па? Бұл белгісіз. Тағы бір мысал, менің тапсырмам бойынша Білім министрлігі «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын құрды. Алайда, қаржыландырудың жоқтығынан бұл да толыққанды жұмыс істей алмай отыр», - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, Н. Назарбаев өңірлерде жастар ресурстық орталықтарын құру жұмысы созылып кеткенін, Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында бұл жұмыс мүлдем басталмағанын алға тартты.

Соңғы жаңалықтар