Елбасы жетім балаларға арналған 300 орындық мамандандырылған кәсіби-техникалық лицейді ашты

АНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - ҚР Президенті бүгін Астанада жетім балаларға арналған 300 орындық мамандандырылған кәсіби-техникалық лицейді ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Жобаның құны - 4,18 млрд. теңге, құрылысты «Қазақмыс» корпорациясы салды.

«Мен жетім балаларға арналған жақсы оқу орнын салу қажеттігін, балалардың мектептен тек орта білім ғана алып шықпай, кәсіби мамандық алып шығулары керектігін көптен бері айтып келемін. Біздер 10-шы сыныптан бастап айырықша дарынды оқушыларды балалар үйлерінен іріктеп, оқытатын боламыз. Бұл ойды іске асыруды мен «Қазақмыс» корпорациясынан сұрадым, акционерлер ақша бөлуге арнайы шешім қабылдады және құрылыс осы демеушілік қаражатқа салынды. Мен «Қазақмысқа», оның акционерлеріне,  Владимир Ниге алғыс айтамын», - деді Мемлекет басшысы. Бұл оқу орыны Астана күніне де лайықты сыйлық екенін  атады.

Лицейдің ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев, Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетов, «Қазақмыс» корпорациясының басшысы Владимир Ни және Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин қатысты.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің деректері бойынша, алғашқы оқу жылында 9-шы сыныпты аяқтаған 100 оқушы және орта мектепті бітірген 200 түлек қабылданатын болады.

2010 жылы бастауыш және орта білімді 100 оқушыдан қабылдау жоспарланған.

Лицей токарь, газбен және электрмен дәнекерлеуші, экскаватор және бульдозер жүргізушісі, кранда жұмыс істеуші, электр монтері, аспаз, бармен, түрлі санаттағы жүргізуші сияқты мамандарды даярлайтын болады.

Ғимараттың жалпы алаңы - 28 мың шаршы метрден асады, лицейде 700 адам білім алады, олардың 300-і жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Баспасөз қызметінің хабарлағанындай, оқушылар үшін 75 секциялы және кіржуғыш машиналармен, теледидарлармен, киім кептіргіштермен және т.б. қажет заттармен жабдықталған екі орындық бөлмелері бар жатақхана көзделген. Лицейде алаңы 360 шаршы метрлік оқу-жаттығу бассейні, алаңы 180 шаршы метрлік зал және қала мектептерінің ішіндегі ең үлкен - ұзындығы 42 метрлік спортзал және 204 орындық трибуна бар.

Соңғы жаңалықтар