09:01, 27 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Елбасы жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды
АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.