19:00, 20 Желтоқсан 2019 | GMT +6
Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысты
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат – Елбасы шағын құрамда өткен Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілісіне қатысты.
Бұл туралы бүгін өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.
«Нұрсұлтан Назарбаев шағын құрамда өткен Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілісіне қатысты»,-деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербург қаласына келгендігін хабарлаған болатынбыз.