Елбасы жоғары лауазымдарға жаңадан тағайындалған адамдардың оларға жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаратындарына және оның сенімін ақтайтындарына үмітін білдірді

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметі және аймақтары басшылығында бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Үкімет басшылығында жаңа лауазым ? Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қызметі пайда болды. Президенттің Жарлығымен оған Өмірзақ Шөкеев тағайындалды. ? Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру Қазақстан экономикасының барлық салаларын «қолмен басқаруға» көшуді көздейді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев шұғыл мәселелерді, аймақтардың проблемаларын шешуге, инновациялық-индустриялық даму бағдарламаларын іске асыруға, тұрғын үй құрылысы және агроөнеркәсіп кешені мәселелеріне жетекшілік ететін болады, ? деді Мемлекет басшысы.Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына бұған дейін Көлік және коммуникация министрі болып жұмыс істеген Серік Ахметов тағайындалды. Ол көлікке, коммуникацияларға, шетелдік компаниялармен бірлескен жобалардағы қазақстандық үлесті арттыру мәселелеріне, шағын және орта бизнесті дамытуға жетекшілік етеді. Үкіметтегі қаржы-экономикалық мәселелермен Премьер-Министрдің өзі айналысады. Оның орынбасары Ербол Орынбаев макроэкономикаға және әлеуметтік блокқа жетекшілік етеді.Үкімет басшыларына жергілікті жерлерде жиі болу, экономиканың және халықтың проблемаларын әкімдермен бірлесіп шешу міндеті қойылды.Мемлекет басшысы сонымен қатар, министрліктердегі және аймақтардағы кадрлық тағайындаулар туралы хабарлады. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов өзі атқарып отырған қызметінен босату туралы өтініш берді. Бұл оның екі орынбасарына қатысты қаржы полициясының тергеу амалдарын жүргізілуіне байланысты болды.? Мен оның өтінішін қабылдадым, ? деді Президент.ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі болып бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы лауазымын атқарған Нұрғали Әшімов тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып бұған дейін «Оңтүстік» ӘКК басқармасының төрағасы болған Асқар Мырзахметов тағайындалды.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып бұған дейін Президенттің кеңесшісі ? ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы қызметін атқарған Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалды.Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевтың орнын ауыстырды.? Мен бұл аймаққа Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарын басқарған, қолынан іс келетінін дәлелдеген адамды жіберіп отырмын, ? деп атап айтты Мемлекет басшысы.Облыстың бұрынғы басшысы Әділғазы Бергенев өзіне жүктелген міндетті атқара алмаған адам ретінде жұмыстан шеттетілді.Президенті жоғары лауазымдарға жаңадан тағайындалған адамдардың оларға жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаратындарына және оның сенімін ақтайтындарына үмітін білдірді.
Соңғы жаңалықтар