Елбасы Жолдауы бәрімізге жауапкершілік жүктейді ? ұстаз пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі сын сағаттағы ұстанған сарабдал саясатын өзге елдер үлгі тұтуда,
None
None
бұл, бір жағынан Қазақстан халқы үшін үлкен мерей болса, екіншіден біздің бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үзілдік Елеубайқызы мәлім етті. Оның айтуынша, дағдарыс келді екен деп, қарап отырып қамығудың жөні жоқ немесе тасты үгіп, тау қопару да еш қажетсіз, бар болғаны әркім өз міндетін мүлтіксіз орындап, қоғамға пайдалы болу жағын ойлауы тиіс. Мәселен, мектептегі балалар келешектің кілті білімде ғана екенін, ЖОО-лардағы студенттер елге тұтқа болатын өздері екенін сезінсе болғаны. «Біз әйгілі Жұбан ақын туған топырақтанбыз. Қазақылығының қаймағы бұзылмаған, қандай қиын кезеңде де береке-бірлігінен ажырамаған, мыңға жуық тұрғыны бар ауылда Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орайластырыла жасалар жақсылықтар мол боларына күмән жоқ. Ауылға жаңа мектеп салынады деген хабар да бар. Ел ерге қарайтын кезеңде азаматтардың ат жалын тартып мініп, келелі іс тындырғаны керек бізге. Президентше айтсақ: «дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады». Көп болып осыны ескерейік», деді ұстаз.
Соңғы жаңалықтар