Елбасы Жолдауы ертеңге деген сенімімізді нығайтты ? мұғалім пікірі

ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасының биылғы Жолдауы ертеңге деген сенімімізді нығайтты.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Орал қаласындағы №19 орта мектептің мұғалімі Қалампыр Карина мәлім етті. Оның айтуынша, Жолдау ? қазіргідей дағдарыс жағдайында адамдарға демеу берген аса маңызды құжат. Қазақ әуелден «мың өліп, мың тірілген» халық қой. Бұл қиын сынақтан да дін аман өтетіні анық. «Мені ерекше қуантқаны ? ақылы бөлімде оқып жатқан студент жастарға грант бөлінгені. Енді білім алуға құштар, бірақ ақшасы аз жастарға жақсы болды. Ата-аналар да бұл бастамаға риза. Мемлекетімізде Елбасымыз қайта-қайта қадап айтатын бірлік, татулық, тыныштық болса, біз алмайтын асу жоқ», дейді ұстаз.
Соңғы жаңалықтар