Елбасы Жолдауы жас ғалымдарды қанаттандырып отыр - С.Ғиззатов
Әрбір қазақстандықтар үшін ғұмырлық білім алу жеке мақсат болу керектігінің баса айтылғандығы, кәсіптік және техникалық білімнің мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделгендігі, білім беру саласында жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшуі, мемлекеттен бонустық пайыздар алу арқылы балалардың білім алуына жағдай жасау көзделгендігі көңілімнен шықты. «Облыстық жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірелстігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Саялбек Ғиззатов өз пікірін осылайша білдірді.
Оның мәлімдеуінше, бұл қамқорлықтың барлығы қазақ жастарының сапалы білімге қол жеткізуі үшін аса маңызды. Сондай-ақ Елбасы жарқын болашақтағы басты мәселе әлеуметтік жаңару екенін баса айтты. «Әсіресе, мені мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатының бірінші кезекте халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталғандығы қуантты. Н.Назарбаев білім мен ғылым саласына соны серпіліс әкелер тапсырмаларды да жүктеді. Елбасы білім беру сапасын арттыру мақсатында біліктілікті арттыру институттары мен ғылыми-зерттеу институттарын мейлінше жетілдіруді міндеттеді. Облыстың жас ғалымдарын осы бастама қанаттандырып отыр», - деді С.Ғиззатов.