Елбасы Жолдауы жастардың болашаққа құлшынысын арттырып, сенімдерін бекемдей түсті - Н.Рахметова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауы жастардың бойында болашаққа деген құлшыныстарын арттырып, сенімдерін бекемдей түсті, дейді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрзия Рахметова.
None
None

Елбасы өз Жолдауында алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып: «Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын», - деп бастады. Шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті, оның ішінде тамақ және химия өнеркәсібіндегі, машина жасаудағы, сондай-ақ қызмет көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету керектігін атады. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, соның ішінде магистралдық желілерді, табиғи газды, қазақстандық электр стансаларының барлық елдің өңірлерін энергиямен қамтамасыз етуіне мүмкіндік жасауды ашып айтты.

Жолдау шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, дамуына қажетті жағдайлардың жасалатындығын айқын аңғартты. "Қыздар университетінің кәсіптік білім беру кафедрасында студенттерді қолөнермен айналысуға, оның ішінде ши тоқу, гобелен, сурет өнерін дамытуға, пішу, тігу, тоқыма жұмыстары арқылы киім үлгілерін сәндеуге машықтандырады. Тәлімгерлер оқу орны қабырғасында білім ала отырып, болашақта өзінің кәсіпкерлігін ашуға ұмтылады. Қай уақытта да кенже қалмайтын ұлттық құндылықтарды насихаттауға тырысатындары анық. Себебі, Қыздар университеті - ұлттық құндылықтар негізінде заманауи білім беретін оқу ордасы. Арулар сүйікті кәсіптерімен шынайы айналысып, экономиканы дамытуға, жұмыссыздықпен күресуге, ұлттық имиджді қалыптастыруға үлес қосатын болады деп сенеміз. Елбасы Жолдауы жастардың бойында болашаққа деген құлшынысты арттырып, сенімдерін бекемдей түсті", - дейді Н.Рахметова.

Соңғы жаңалықтар