Елбасы Жолдауын Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті де қолдап отыр
«Әлеуметтік жаңғырту - жаңа мемлекеттік саясат» атты дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасы Жолдауында айтылған басты бағыттарға тоқталып, алдағы сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын білдірді. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ректоры Баян Жұмақаеваның атап өткеніндей, Елбасы алға қойған міндеттер тек «Нұр Отан» партиясы үшін ғана емес, бүкіл халық үшін маңызды.
Университеттің «Интеграл» студенттік клубы да дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырып, онда университет ректоры Нұрболат Қадырғалиев тәуелсіздіктің 20 жылдығы тойланатын биылғы жылдың мән-маңызы жоғары екендігін атап өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы Біржан Хайруллин, «БҚО жастары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары Манарбек Әжкенов, сондай-ақ басқа оқу орындарынан да келген студент жастар өз ойларын жеткізіп, Президент саясатын қолдайтындықтарын білдірді.