Елбасы Жолдауын шалғай ауыл тұрғындары да қолдап отыр - Н.Бозов

ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауын шалғай ауыл тұрғындары да қолдап отыр.
None
None

Бұл туралы Қаратөбе аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі Нұрбол Бозов мәлім етті.

«Елбасы Жолдауын ауылдағы ағайынға насихаттау бағытында аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абат Сәкенұлымен бірге Қаракөл ауылдық округінің Алакөл, Қоскөл елді мекендерінде болып қайттық. Насихатшы топппен жүздесуге қос елді мекенде де ауыл әкімі Бақытжан Зинуллин, жергілікті тұрғындар, кәсіпкерлер, мектеп ұжымы қатысты. Ауыл адамдарының Жолдауға деген ықыласы ерекше болды. Олар, әсіресе, Елбасының етті мал шаруашылығын дамытуға баса көңіл бөлгеніне ризашылық білдіруде. Себебі төрт түлік ұстайтын ауыл адамының тұрмыс-тіршілігі осы малға байланысты. Ендігі тілек - осы саланы дамытуға бөлінетін қаржы шалғай ауылдарға да жетсе екен. Ұстаздар қауымы алдағы жылдары 12 жылдық білім беру жүйесіне толықтай көшуге қолдау білдіруде. Қысқаша айтқанда, ауыл тұрғындары Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға жұмылып-ақ отыр», - деді Н.Бозов.

Таяу күндері Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында облыс орталығында құрылған үгіт-насихат топтарының мүшелері де аудандарға аттанбақшы.

Соңғы жаңалықтар