Елбасы Жолдауын студент жастар да қолдайды - БҚО
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақтан халқына биылғы Жолдауын талқылаған жиынды колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, қалалық мәслихаттың депутаты Шалқыма Құрманәлина ашты. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Қазақстан қол жеткізген табыстарды саралап айтып берген колледж басшысы ел болашағы - жастарды ынтымағы жарасқан еліміздегі мамыражай бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.
Өз кезегінде сөз алған ұстаздар мен студенттер білім беру, денсаулық сақтау, тіл дамытуға ерекше назар аударған Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап, игі істердің жүзеге асуына атсалысатындарын айтты.
Жолдауды қызу талқылаған отырыстың соңы колледж өнерпаздарының орындауындағы «Қазақтай ел қайда?» әнімен аяқталды.