Елбасы Жолдауын жүзеге асыруға қоғамдық ұйымдар белсене атсалысады - «БҚО азаматтық альянсы» бірлестігі басшысының орынбасары С. Дмитрюк - БҚО

ОРАЛ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы Жолдауының әр қазақстандыққа тікелей қатысы бар. Өйткені Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарын саралаған Президент елдің қарқынды дамуы халықтың еңбегі деп санайды.
None
None

Әрине, мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық ролі айқын. Бұл туралы «БҚО азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі басшысының орынбасары Сергей Дмитрюк мәлім етті.

Оның айтуынша, Елбасы бұл жолы әлеуметтік салаға басым көңіл бөлген. Халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселесі азаматтардың аз қамтылған жіктеріне ерекше жақын. Сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақы мен шәкіртақының өсуі қуанышпен қабылданып отыр.

«Біз БҚО азаматтық қоғамының өкілі ретінде маңызды мемлекеттік міндеттерден шет қалмаймыз. Қайта Елбасы Жолдауын бұқара халықтың арасында түсіндіруге, жүзеге асыруға белсене араласатынымыз хақ», деді С.Дмитрюк.

Соңғы жаңалықтар