Елбасы Жолдауына орай жұмыспен қамту мәселесіне жергілікті жерде де баса көңіл бөлінетін болады - С.Хангереев, БҚО

ОРАЛ. 14 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Елбасы биылғы Жолдауында қазақстандықтарды жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын ұсынып, жұмыс орындарын көбейту қажеттігін, жұмыссыздарды түрлі мамандықтарға қайта оқытуды қолға алу керектігін айтты.
None
None

Осыған орай жергілікті жерлерде де тиісті шаралар қолға алынатын болады. Бұл туралы Шыңғырлау аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Самат Хангереев мәлім етті.

Оның айтуынша, «Жол картасы» бағдарламасы аясында екі жыл ішінде көптеген адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі қысқарды. Ендігі міндет - осы жұмысты одан әрі табысты жалғастыру. «Елбасының ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге ерекше назар аударуы бізді қуантады. Демек, жақсы өмір сүруге қолдау бар, енді барлығы өзімізге байланысты болмақ», - деді С.Хангереев.

Соңғы жаңалықтар