Елбасы Жолдауында аталып өтілген салалар экономикалық дамудың негізі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы экономика ғылымының мейнстримін (ағыл. mainstream  негізгі ағым) паш етеді. Мұндай пікірді Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жолдаудағы маңызды месседж экономиканы жаңғырту қарапайым міндет емес сын-тегеуірін екендігін түсіндіру болып саналады. Яғни, соңғы 50 жылда ондаған елдің экономикалық дамудың жаңа траекториясына өтуге ұмтылғанымен, бірен-сараны ғана шыға алғанын көрсетеді», - деді Евгений Кочетов.

Оның айтуынша, экономиканы әртараптандыруға қарай тек қана жылжу жеткіліксіз. Бұл ретте нақты нені және қалай әртараптандыру қажеттігін білу қажет.

«Бұл тұрғыда Жолдауда бағыт-бағыттар беріліп, агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне, инфрақұрылымдық дамуға, тасымалдауға, құрылыс пен ақпараттық технологияларға басымдық жасалған. Мұның барлығы да кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру және толықтай алғанда экономиканы ырықтандыру тұрғысында көрініс тапқан», - деді ол.

Кочетовтың пікірінше, бұл бағыттардың барлығын тиімді жүзеге асырған жағдайда олар экономиканың шынайы негізіне айнала алады.

«Мұнан бөлек, адами капиталды дамытуға айрықша назар аударылған. Ал бұл ең бастысы. Егер экономикалық өсімнің кез келген танымал моделін алып қарайтын болсақ, онда оның басты факторы адами капитал болғандығын байқаймыз. Адами капиталды дамыту арқылы біз үлкен өсімдерге түрткі бола аламыз. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Елбасы экономикалық ғылымның мейнстримін паш етеді», - деді Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы. 

Соңғы жаңалықтар