Елбасы Жолдауының міндеттерін орындау барысында оңтүстікте 17 жаңа балабақша ашылмақ
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев хабарлады.
«Біздің облыста демократиялық өсу көрсеткіші жоғары. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстанда жыл сайын ең аз дегенде 20 жаңа балабақша салу керек. Биыл республикалық бюджеттің қаражатына 4 480 орынды қамтитын 15 мектепке даярлық мекемесі салынуда. Ал облыстық қазынадан қарастырылған қаражатқа 150 орындық екі балабақша салынуда», деді Ә.Бектаев.
Әкім орынбасарының айтуынша, бұдан басқа облыста тағы 97 балабақша мен 72 шағын орталық ашылады. «Кезінде,оңтайландырудың тұсында жекелешендіріліп келген 16 балабақша ғимаратын мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Биыл балабақшаларда жалпы алғанда 15 170 қосымша орын ашылады. Осының бәрін ескергеннің өзінде, бүлдіршіндердің мектепке дейінгі дайындықпен қамтылу көрсеткіші 41,5 пайыздан аспайды», дейді әкімнің орынбасары.