18:14, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Елбасы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді
ОРАЛ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Президент алдымен Теректі ауданы Пойма стансасындағы өсімдік майын өндіретін «Батыс Күнбағыс» АҚ-да болады. Одан кейін, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ның жаңа өнімдерімен таныспақ.
Сапарының екінші күні Елбасы «Оралагрореммаш» АҚ-да болып, өңірдегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар барысына қанығып, облыс кәсіпкерлерімен кездеспек. Одан кейін, Оралда бой көтеріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебіне ат басын тіремек.