13:05, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Елбасымен кездесуінде Еуразиялық даму және қайта құру банкінің президенті Қазақстан экономикасын қолдау көлемі 850 млн долларға ұлғайтылатындығын жеткізді
strong> Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Еуразиялық даму және қайта құру банкінің президенті Томас Мировпен кездесті. Жүздесу барысында екі жақты экономикалық қарым-қатынас мәселесі талқыланды.
Т. Миров өз сөзінде Қазақстанның экономиканы қайта жаңғырту және диверсификациялау бағдарламасына қолдаудың жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы жылы қолдау көлемі 850 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайтылады.
«Мен бүгінгі табысты кездесу үшін Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс білдіремін. Жалпы алғанда, бұл Қазақстанның дамуы мен Еуразиялық даму және қайта құру банкінің арасындағы байланыс туралы еркін пікір алмасу болды», деді Томас Миров.