Елбасымен тікелей телекөпір арқылы байланыс кезінде Ақтауда «Ақтау металл прокаттау» зауыты ашылды

АУ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова / - Бүгін Елбасы тікелей телекөпір арқылы байланыс барысында Ақтау қаласында «Ақтау металл прокаттау» зауытының  ашылуымен құттықтап, облыс басшысы Қырымбек Көшербаев Елбасыға аймақтағы индустриялық даму бағытында іске асып жатқан жобаларды таныстырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2006 жылдан бері «Ақтау металл прокаттау» зауытында тек құйма цехы жұмыс істеп тұрды. Цехта 600 адам еңбек ететін.

Бүгін цех жанынан ашылған жаңа нысан енді 500 адамды жұмысқа алып, отандық және экспорттық айналымға тауарлар шығармақшы.

 Жобаны іске асыруға Қазақстанның даму банкі 30 млн. АҚШ доллары шамасында қаржы құйған.

 Арматура,швеллер,двутавр,бұрыштама металл өнімдерін дайындайтын арнайы құрылымдар Түркиядан алынған.

 «Жаңа индустрияландыру - баршаға берілген жаңа мүмкіндіктер» негізінде ашылып отырған жаңа зауыт 1 жылда 400 мың тонна өнім шығарады деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, ішкі нарықта аталған өнімдерге сұраныс көп», дейді зауыттың техникалық директоры Жұмабай Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар