Елбасымыз бейнеленген жаңа банкнотты естелік ретінде сақтап қоямын - Гүлнәр Махан

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың суреті бейнеленген жаңа онмыңдық ақша белгісін шығарады деген сүйінші хабарды оқып, қуандым, дейді «Жастар әлемі - Мир молодежи» газетінің тілші Гүлнәр Махан.
None
None

«Естелік банкнот 2016 жылы 1 желтоқсаннан бастап айналымға шығады екен. Ғаламтордан он мың теңгенің жаңа үлгісін көрдім, алайда көк қағазды қолыма ұстап, естелік ретінде сақтап қойғым келеді. Тарихымыздан сыр шертетін төл теңгеміздің арғы бетінде «Қазақ елі» монументіндегі киелі самұрық құс, «өмір ағашы» бейнеленіпті», - деп атап өтті ол. 

Соңғы жаңалықтар