Елбасын Түркияда салтанатты қарсы алу рәсімінде атты әскер ілесіп жүрді

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары кезіндегі салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Анкарада Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.

Елбасын Түркия Президентінің кешенінде қарсы алуда зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атып құрмет көрсетілді. Екі елдің әнұрандары орындалды, Президенттер құрметті қарауыл сапының алдынан өтті. Екі елдің басшысының алдында Президент ұланымен бірге сауыт киген жауынгерлер де тұрды.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. 

Соңғы жаңалықтар
telegram