17:46, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Елбасына Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылғы қызметі мен күзгі жиын-теріннің қорытындысы туралы баян етілді
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековті қабылдады,
деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Әңгіме барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің 2011 жылға арналған қызметінің нәтижелері, жиын-терін науқанының қорытындысы, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумына даярлық барысы туралы баяндалды.