Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы сот жүйесін жетілдіретініне сенім мол - А.Құлмағамбетов

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының бес институционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамы сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіретініне сенім мол. Бұл туралы Бурабай аудандық сотының судьясы Асқар Құлмағамбетов өзінің пікірін білдіріп отыр.
None
None

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы атап айтқандай, Заңның үстемдігі, әділдік пен баршаның заң алдындағы теңдігі қағидаттарының сақталуы гүлденген мемлекеттің негізі және экономикалық өсудің кепілі болып табылатыны сөзсіз.

«Халықтың құқығын қорғаушы, әділдікті жақтаушы азамат ретінде ең алдымен тұрғындардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландырып, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту, барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу мәселелері дер кезінде қабылданған дұрыс шешім деп ойлаймын.

Өйткені, мұның барлығы да судьялар мен қарапайым азаматтардың арасында жиі орын алып жататын түсінбеушілікті болдырмауға, сот процесінің мейлінше ашық, әрі әділ өтуіне ықпал ететін болады.

Әрине, сот саласы аса жауапкершілік пен ұқыптылықты, шыншылдық пен әділдікті талап етеді. Мұның барлығын білгенімізбен, оны заң жүзінде қадағалап отыру аса маңызды шаруа. Жаңа құжатта судьяның мақсат-міндеттері, сот процесін қалай жетілдіру керектігі толық қамтылған.

Ал азаматтық іс жүргізу кодексіне келетін болсақ, Елбасымыз бұл заңға да тиісті өзгертулер енгізуді тапсырды. Алдағы уақытта аталған қадамдардың барлығы іс жүзінде орындалып, сот органдары да, әлеумет те оның оң нәтижесін көреді деген сенімдемін», - дейді Асқар Құлмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар