Елбасының атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан құттықтаулар түсті

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан басшысына ыстық ықыласын жолдаған Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевтың дәйекті саясатының арқасында «қазіргі Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуда және мемлекет құруда маңызды нәтижелерге қол жеткізді, өңірлік және халықаралық істерде лайықты беделге ие болды», деп атап көрсетті.
Дмитрий Медведев Қазақстан Президентінің стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың шынайы үлгісіне айналған ресей-қазақстан байланыстарын дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
«Мұндай тығыз екіжақты ынтымақтастық ТМД кеңістігінде ықпалдастық үдерістерін нығайтудың маңызды факторы болып табылады, жаһандық экономикалық дағдарысқа байланысты проблемаларды шешуге көмектеседі» - делінген жолдаухатта.
Ресей Президенті екі елдің басшылары арасында қалыптасқан «сенімді жеке қатынастар бұдан былай да Ресей мен Қазақстанның өзара іс-қимылының барлық кешенін арттыруға, ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететініне» сенім білдірді.
Мемлекет басшысын сондай-ақ Өзбекстан Президенті Ислам Каримов құттықтады.
«Басшылығыңыздың арқасында өткен жылдар ішінде елдің келбетін түбегейлі өзгерткен, оның халықаралық аренада артып келе жатқан беделі үшін қуатты серпін берген реформалар мен жаңарудың ауқымды бағдарламасы іске асырылған тәуелсіз және егеменді Қазақстанның танылған көшбасшысы әрі негізін салушысы, Сізге жоғары құрмет сезімін білдіруге рұқсат етіңіз.
Сіздің қазақ пен өзбек халықтарының арасындағы тарих сынынан өткен өзара терең сыйластық, достық пен ынтымақтастық арқауларын жан-жақты дамыту мен нығайтуға қосып отырған орасан зор әрі баға жетпес үлесіңіз үшін Сізге шын ризашылық лебізімді жеткізгім келеді» - делінген жолдаухатта.
Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтай отырып, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов «Қазақстанның жарқын болашағына және біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың нығайып, кеңейе түсетініне нық сенім білдіреді».
«Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, шын жүрегімнен бақыт, әрқашан деніңізге саулық және сарқылмас өмірлік күш-қуат, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы Сіздің барлық бастамаларыңыз бен мақсаттарыңызға жаңа табыстар тілеймін», - делінген түрікмен басшысының жолдаухатында.
Сондай-ақ Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян Қазақстан Президентінің атына өз құттықтауын жолдады. Онда ол «біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы тарихи қалыптасқан достық пен өзара түсіністік қарым-қатынастар, екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара ұстанымдар біздің мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаевқа туған күніне орай Украина Премьер-Министрі Юлия Тимошенко ізгі тілекті құттықтауларын жолдады.
«Менің осы жылдың мамырында Қазақстан Республикасына жасаған сапарымды, оның барысында бізге елдеріміздің жемісті ынтымақтастығына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берген кездесуімізді ерекше жылылықпен еске аламын.
Украина мен Қазақстан арасындағы екіжақты деңгейдегі және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдың дәрежесін көтеру біздің елдеріміздің мүдделеріне қызмет ететініне, ал Сіздің мемлекет басқарудағы бай тәжірибеңіз Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға, біздің халықтарымыз арасындағы достық арқауын бекітуге ықпал ететініне сенімдімін».
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты Түркия Президенті Абдулла Гүл, Украина Президенті Виктор Ющенко және Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев телефон арқылы құттықтады.