16:19, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Елбасының биылғы Жолдауында құқықтық тәртіп мәселелеріне ерекше мән берілді - ардагерлер ұйымының төрағасы
арат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі биылға орайлас келетіндіктен салмағы да ерекше екені айқын. Бұл жайында Алматы облысы Жамбыл аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыр Атагелдиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Қ. Атагелдиев Тұңғыш Президентіміз жолдауда атқарылған істер мен орындалған шараларға жан-жақты тоқталып, Қазақстанның бүгіні мен ертеңін салыстыра талдағандығын айтады.
«Елбасы өз Жолдауында 2020 жылға дейінгі атқарылар істерге талдау жасай келе ауыл шаруашылығының мүмкіндіктеріне көңіл бөлді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын индустрияландыру қуатты бизнесті дамыту арқылы жүзеге асатындығын айтып, көңілімізді марқайтып тастады» -деді Қ.Атагелдиев .
Сонымен қатар ол биылғы Жолдауда құқықтық тәртіп мәселелеріне ерекше мән берілгендігін айтады. «Жемқорлыққа қарсы күресті шыңдау, сол арқылы ел экономикасын дұрыс жолмен дамыту құптарлық шара», -дейді ол.