19:53, 30 Наурыз 2016 | GMT +5
Елбасының Брюссельдегі кездесуінде Еуроодақ тарапының виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі қозғалды
БРЮССЕЛЬ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкердің кездесуінде Қазақстан мен ЕО азаматтарының өзара барыс-келісі, соның ішінде Еуроодақ тарапының да виза режіміне қатысты жеңілдік жасау мүмкіндігі туралы мәселелер қозғалды.

Тараптар Қазақстан әуе компанияларының ЕО елдеріне ұшуын шектеуге байланысты ахуалды шешу жайын да талқылады.
Соңында, Нұрсұлтан Назарбаев қарастырылған барлық мәселе бойынша өзара түсіністікке қол жеткізілгеніне назар аударды.
Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдары қарастырылды.
Тараптар сондай-ақ, халықаралық күн тәртібін, соның ішінде Орталық Азия өңіріндегі өңірлік ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады.