Елбасының БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзі Қазақстан үшін аса зор стратегиялық маңызға ие - Қ. Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының БҰҰ мінберінде сөйлеген сөзі Қазақстан үшін аса зор стратегиялық маңызға ие. Бүгін Сенаттың жалпы отырысы барысында спикер Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.
None
None

«БҰҰ Бас Ассамблеясының тарихи мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы Н. Назарбаев әлемдік дағдарысты еңсеру және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда орасан зор мәні бар нақты бастамаларды көтерді. Президент ХХІ ғасырдағы ядросыз әлем қалыптастырудың жаңа болашақтық тұжырымдамасын, Халықаралық терроризмге қарсы күрестің дүниежүзілік желісін құру қажеттігін мәлімдеді. Заманымыздың аса тәжірибелі саясаткері, Азиядағы қауіпсіздіктің іргетасын қалаушы, Еуразиялық ықпалдастықтың негізін салған Президентіміздің бастамалары халықаралық саяси және дипломатиялық қауымдастықтың аса жоғары қызығушылығын тудыратыны даусыз. Бүгінде бұл бастамаларға әлемнің жетекші мемлекеттері назар аударуда. Президентіміздің әлемнің басты мінберінде сөйлеген сөзі Қазақстан үшін аса зор стратегиялық маңызға ие. Бұл бастамалар қазіргі құбылмалы әлемде еліміздің ұстанымдарын ары қарай нығайта түседі», - деді Қ. Тоқаев.

Сонымен қатар, Палата Төрағасы бүгінгі отырыста еліміздің ішкі әлеуетін күшейтетуге бағытталған Президенттің «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарын іске асыруды көздейтін заң жобалары талқыланатынын еске салып, бұл жұмыстың нәтижелі болатынына сенім білдірді.

«Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, қоғамда тұрақтылық пен келісімнің нығаюына Сенат депутаттары өз үлесін қосатыны сөзсіз», - деді спикер Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар
Референдум