Елбасының қатысуымен өңірлермен телекөпір ұйымдастырылып, аймақтарда 20 өндіріс орындары іске қосылды

оның барысында Қазақстанды индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 өндіріс орны іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Телекөпір аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы: «Бүгін еліміздің барлық өңірлерімен тілдестік. Бұл қағазға түсірілетін жай ғана шаруа емес, нақты өндіріс орындары іске қосылды, нақты жұмыс орындары ашылды, экономикаға нақты үлес қосылып жатыр», - деді.
Президент Қазақстан экономикасын дамытуда Үкімет пен әкімдер ауқымды жұмыстар атқарып жатқанын атап көрсетті. «Бүгін 20 өндіріс орны іске қосылды. Жылдың соңына дейін 80 өндіріс орны іске қосылатын болады. Келесі жылы осыншама өндіріс орындары ашылады. Өндіріс орындарының негізгі ашылуы 2010-2011 жылдарға келеді. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі индустрияландыру бағдарламасы 50 млрд. долларға пара-пар өнім шығарып, экономиканы 1,5 есе ұлғайтады. Бұл сөз бен істің қабысатынын көрсететін шаруа», - деді Елбасы. Сондай-ақ қазіргі дағдарыс жағдайында жаңа мүмкіндіктерді пайдалану аса маңызды екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы өндіріс орындары елорда күні қарсаңында іске қосылғанын айта келе, барша қазақстандықтарды Астана күні мерекесімен құттықтады.