Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» болашақ ұрпаққа арналған бағыт-бағдар - М.Құл-Мұхаммед

 АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасының «Қазақстан-2050 Стратегиясы» болашақ ұрпаққа арналған бағыт-бағдар.
None
None

Бұл пікірді бүгін Ақордада ҚР Президентінің «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед білдірді.

«Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050 Стратегиясында» белгіленген айқын бағдарлар сапалы серпіліс жасап, Қазақстан өміріндегі таяу онжылдықтардағы міндеттер мен принциптерді анықтауға мүмкіндік береді. 2050 жылы еліміз әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі тиіс. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді. Бұл болашақ ұрпаққа арналған бағыт, бағдар»,-деді Мемлекеттік хатшы.

М. Құл-Мұхаммедтің пайымынша, идеологиялық блок қызметкерлерінің бүгінгі міндеті Жолдау басымдықтарын түсіндіру арқылы барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы қойған биік мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыру.

 

Соңғы жаңалықтар